Железин ауданындағы су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді
Су айдындарының жай-күйіне мониторинг жаз мезгілінде ай сайын жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.
– Мониторинг барысында рекреация орындарынан шомылу маусымы қарсаңында микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге су сынамалары зерттелді. Демалыс орындарынан 438 су сынамасы зерттелді, су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді, – дейді Батырбек Әлиев.
Ведомство басшысы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін бірінші санаттағы су айдындарынан 151 су сынамасына зерттеу жүргізілген, су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келетінін атап өтті. Бірінші санаттағы су айдындарына мониторинг тоқсан сайын тұрақты негізде жүргізіледі.
– Мамыр айының басында Железин ауданында рекреация аймағында іріктелген Ертіс өзенінен алынған су сынамаларындағы микробиологиялық көрсеткіштердің артуы мұздың еру кезеңімен, нөсерлі жаңбырмен байланысты болды. 27 мамырдағы іріктеу нәтижелері бойынша Железин ауданындағы рекреациялық орындардан су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді, – дейді Батырбек Әлиев.
Дегенмен Железин ауданының санитарлық қызметтері ауыл тұрғындарына Ертіс суына сақтықпен қарау керектігін ескертті, себебі, судағы ішек таяқшасының рұқсат етілген мөлшері 46 еседен асады.