Павлодар облысында Қарағандыға баратын жол жөнделді
Бұл жолда тәулігіне сегіз мыңға жуық көлік қатынайды,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тасжолының Родниковский ауылынан (Қарағанды облысы) Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы жөнделді.
– Жолдың бұл бөлігі Қарағанды және Павлодар облыстарын байланыстырады. Мұнда тәулігіне 8 мыңға жуық көлік жүреді, –делінген хабарламада.
Жолдың шамамен 21 км жөнделді. «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тасжолының жөнделуі бір жыл бұрын басталды. Бүгінде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жақында нысан пайдалануға беріледі.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті