Павлодар облысында саяқ шегірткелердің жаппай таралу қаупі жоқ

Павлодар облысында саяқ шегірткелердің жаппай таралу қаупі жоқ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде химиялық өңдеуге жататын алқаптар аумағы 4,8 есеге артты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Елена Бегимова мәлім етті. 

– Павлодар облысында 116 мың гектар  аумақта шегірткеге қарсы химиялық шараларды жүргізу жоспарланған. Үш жыл құрғақ көктем, ыстық жаз болды.  Өткен жылы 17 мың гектар жерді өңдеген болсақ, биыл химиялық өңдеуге жататын алқаптар аумағы 4,8 есеге артты, – деп атап өтті спикер. 

Оның сөзінше, итальян прус зиянкесінің таралуы Баянауыл, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандарында байқалады. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының деректері бойынша, 14 мамырда Баянауыл ауданында итальяндық прустың пайда болғаны анықталды. Химиялық өңдеу шаралары итальян прусы екі-үш жастағы дернәсілдерінің жаппай таралуына байланысты жүргізіледі. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге хитин синтезі ингибиторлар мен синтетикалық пиретроидтер тобының пестицидтері қолданылады. 

– Өңдеудің тиімділігі 80-85 пайызды құрау керек. Шегірткелердің жаппай таралуы күтілмейді. Өйткені бізде пестицидтер мен техника дайын. Қазіргі салқын ауа райы бізге қолайлы болып тұр. Шегірткелердің жаппай таралып, көбейіп кетуіне жоғары температура ықпал етеді. Химиялық өңдеуді уақытында бастаймыз,  сондықтан жоспарлы түрде өңдеулер жүргізіледі, – деп атап өтті Елена Бегимова.

Мемлекеттік қор мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиесілі жерлерде үйірлі емес шегірткелі зиянкестерді өңдеу осы жылдың 27 мамырында басталады.

2017 жылдан бері облысты шегірткелі зиянкестермен, сонымен қатар, ауыл ашруашылығы дақылдарына қауіп төндіретін өзге ағзалармен күрес жұмыстарын үйлестіру жөніндегі тұрақты штаб жұмыс істейді. Штаб құрамында барлық жергілікті атқарушы органдар, облыстық ТЖД және өсімдіктерді қорғау жөніндегі аумақтық органдар бар.