«Жасыл желек»: Павлодарда экологиялық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Аталмыш жарысқа 29 білім беру ұйымы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жаз – 2024» жазғы жобасы аясында 2024 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында «Жасыл желек» байқау-конкурсы ұйымдастырылды.
Мақсаты – тәрбие-білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға, жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға ықпал ететін мекеме телімдерінің эстетикалық жағдайын жақсарту.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, облыстық кезеңге жалпы орта білім беру мектептері, мектепке дейінгі, арнаулы және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарынан өтінім берді.
Комиссия конкурсқа өтінім берген аудандық және қалалық білім беру мекемелеріне барып, бағалау критерийлеріне сәйкес бағалап, конкурстың қорытындысын шығарды.
Нәтижесінде Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беру мектебі Бас жүлдені қанжығасына байлады.
Жалпы білім беретін мектептер мен арнайы білім беру ұйымдары бойынша, №6 арнайы мектебі бірінші орынға, Железин ауданының №1 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім бері мектебі екінші орынға, Тереңкөл ауданының Октябрь жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі және Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі үшінші орынға ие болды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы жеңімпаздардан Екібастұз қаласы №21 ресурстық орталық бірінші орынды, Павлодар қаласының №24 сәбилер бақшасы екінші орынды, Екібастұз қаласының №15 сәбилер бақшасы үшінші орынды иеленді.
Павлодар қаласының № 4 арнайы мектеп-интернаты «Гүлденген мектеп ауласы», Баянауыл ауданының Д. Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі «Жасыл рапсодия», Ертіс ауданының Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі «Өз үйім - өлең төсегім», Аққулы ауданының Жабағлы негізгі жалпы білім беру мектебі «Жасыл оазиске алғашқы қадам», Ертіс ауданының аграрлық-техникалық колледжі «Қолөнер ауласы», Павлодар қаласының А. Шамкенов атындағы жалпы орта білім беру мектебі «Ұқыпты аула» атты ынталандыру номинацияларына ие болды.
Айта кетейік, білім беру мекемелеріндегі оқу-тәжірибе учаскесі балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен махаббатын тәрбиелеуге, ауыл шаруашылығымен айналысу дағдыларын алуға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға жетелейді.