Павлодарда облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Жұмыс іздеп жүрген тұрғындар Мансап орталығына бара алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Мансап орталығының мәліметінше, 20 қазанда облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Іс-шара жұмыс іздеп жүрген барлық тұрғынға арналған. Ұйымдастырушылар жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырады.
Жәрмеңке сағат 11:00-де Академик Бектұров көшесі, 115Б мекенжайында орналасқан Мансап орталығында өтеді.