Атамекеннен Курчатовқа дейінгі жолды жөндеу қашан аяқталады?

Жолшылар жаңа қоспаны алғаш рет сынап көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар жолдары» мердігерлік ұйымы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Иван Красиковтың айтуынша, өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, мамандар жаңа қоспалар мен құрылыс қоспаларының рецептураларын анықтады.
– Осы маусымда тұңғыш рет созылмалы материалдың инертті құрамдас бөліктермен байланысын жақсартатын қазақстандық өндірістің адгезиялық қоспаларын сынайтын боламыз. Бұл компоненттер жол жамылғысының химиялық және физикалық қасиеттерін және оның беріктігін арттырады. Бір сөзбен айтқанда, біз жаңа әдістерді қолданамыз, – дейді Иван Красиков.
Өңірде асфальтбетон зауыттары іске қосылды, оларда шамамен 250 мың тонна битум массасын өндіру жоспарлануда.
– Жұмыстарды орындау үшін қуаттылығы сағатына 160 тонна болатын екі жылжымалы асфальтбетон зауыты іске қосылды, сондай-ақ Баянауыл ауданында тағы бір зауыт сатып алуды жоспарлап отырмыз. Май ауданындағы Ленинский – Үлкен Ақжар – Курчатов жолының күрделі жөндеуі – үлкен жобаны аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Май ауданының алты ауылында 12 нысанды пайдалануға беру жоспарланған, – деді Иван Красиков.
«Павлодар жолдары» компаниясы Май ауданында 46 шақырым және Баянауыл ауданында 24 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Орташа ауа температурасы нөлден 10 градусқа жеткенде жабынды қалпына келтіре бастайды. Ленинский – Үлкен Ақжар – Курчатов жолын күрделі жөндеу жобасын аяқтау осы жылдың қазан айына жоспарланған.