Ақсуда ағаштан ажал құшқан әйелдің барлық қарыздары өтеледі

Оның отбасына қаржылық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша қайтыс болған Марина Пахомованың отбасына бірқатар қаржылық қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, жұмыс істеген еңбек кезеңі үшін өтемақы, БЖЗҚ-дан бөлінген жерлеу рәсіміне арналған қаражат, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаражат қарастырылды.
– Жиналған барлық қаражат жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, ас беруге, сондай-ақ ескерткіш тас сатып алуға жұмсалды. Мұның барлығымен волонтерлар айналысуда. Жаназа рәсімінде туған-туыстарын тасымалдау үшін автобус берілді, – деді Ақсу қаласының әкімдігінде.
Сондай-ақ Kaspi Bank, Halyk bank және «KMF» МҚҰ-дағы ағымдағы несиелері төленеді. Бұдан басқа, 2025-2026 жылдар кезеңі үшін қаза болған адам тұрған пәтердегі жылу мен судың коммуналдық қызметтеріне ақы төленетін болады.
Айта кетейік, дауыл салдарынан құлаған ағаштан көз жұмған Марина Пахомова № 19 балабақшада хореограф болып жұмыс істеген. Жалпы жұмыс өтілі – 27 жыл. Балабақшада 19 жыл еңбек етіп үлгерді.
Ол дарынды балалармен жұмыс істеді. Бүлдіршіндерді қалалық «Таңғы жұлдыз» байқау-фестивалінде және облыстық «Бүлдіршін» фестивалінде өнер көрсетуге дайындады. Марина Пахомова мейірімді, жанашыр адам және білім саласына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес құнды қызметкер ретінде есте қалды.
Еске сала кетейік, 19 маусымда қатты жел салдарынан құлаған ағаш 1968 жылы туған әйел адамның кеуде тұсына қадалды. Медициналық бригада оның өмірмен үйлеспейтін ауыр жарақаттар алғанын және оқиға орнында көз жұмғанын растады.