Павлодарда Республика күніне орай таеквон-додан ашық чемпионат өтті

Павлодарда Республика күніне орай таеквон-додан ашық чемпионат өтті
Фото Pexels.com/cottonbro studio

Жарысқа Павлодар, Екібастұз және Астана қалаларынан 216 спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы «Бірлік» жекпе-жек сарайында Республика күніне арналған таеквон-до GTF бойынша ашық қалалық чемпионат өтті. Спорттық шара қала әкімі Хасар Хабылбековтің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз және Астана қалаларынан 216 спортшы қатысты. Қатысушылар формалды кешендер мен спарринг бойынша сынға түсіп, өз шеберліктерін, төзімділіктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты жекпе-жектер мен жарқын эмоцияларға толы чемпионат облыстық және республикалық жарыстарға іріктеу кезеңдерінің бірі болды.

Шара аясында жастар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттауға, жауапкершілік, адалдық және тәртіп құндылықтарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық таеквон-до GTF федерациясының жетекшісі Артем Граблев жарыстың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен қала басшылығына алғысын білдіріп, мұндай чемпионаттардың жас спортшыларды тәрбиелеу мен өңірдегі спортты дамытудағы маңызын атап өтті.