Павлодар облысының боксшылары жарыс тұғырынан көрінді
61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекзат Қасымов Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
3-6 қараша күндері Алматыда спорттың 7 түрі бойынша «AUYL SPORT 2025» республикалық турнирі өтті. Жарысқа республикамыздың барлық өңірінен 1800 қатысушы жиналды.
Павлодарлық боксшылар жарыс тұғырынан көрінді. Кенжекөл ауылынан қатысқан Елхан Ақылбеков күміс, Ақтоғайдан барған Бекзат Қасымов алтын жүлдеге ие болды. Біздің спортшылар төрт кездесуден өткізді.
Айта кетерлігі, Бекзат Қасымов Павлодар облысы атынан қатысқан 7 спорт түрі бойынша жалғыз чемпион болды.