Екібастұзда карантин енгізілді
«Greenhouse-Qaztomat» ЖШС жылыжай кешені аумағының 7,5 гектар алаңында вирус анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР АШМ АӨК ҚМИ республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы жариялаған зерттеу қорытындысы бойынша қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) карантиндік объектіде тіркелген. Осыған байланысты Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен карантиндік режим енгізілді.
Жоба 2024 жылғы 12 қыркүйекте «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Вирус анықталған қызанақтың көлемі жойылды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні жеткізілетін өнім партиясы міндетті түрде алдын ала зертханалық зерттеуден өткізіледі.