Павлодарлық сұлулар "Қазақстан аруы" байқауына жолдама алу үшін бақ сынайды

Павлодарлық сұлулар "Қазақстан аруы" байқауына жолдама алу үшін бақ сынайды
Фото ашық дереккөзден

Аталмыш дода тосынсыйларға толы болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық арулар 12 қыркүйек күні "Міѕѕ Pavlodar-2023" атағы үшін өз өнерлері мен білімдерін ортаға салмақ. 

- Ең әдемі қыз атағына үміткерлер дефилемен жүріп, шығармашылық қабілеттерін ашып, тілдерді меңгеруін көрсетуге мүмкіндік алады. Осы талаптар бойынша қазылар алқасы сұлуларды бағалап, қатысушылар тізімін бекітеді. Байқаудың финалына небары сегіз қыз ғана жолдама алады, - дейді ұйымдастырушылар.

Сол күні көрермендердің назарына шағын бизнес және сұлулық индустриясы өкілдерінің өнімдер көрмесі ұсынылады. Павлодарлықтар тауарларды сатып алып, қаланың жетекші салондарынан "сізді қалай әдемі етуге болады" экспресс-курсына қатыса алады.

Сұлулық байқауы сағат 18:30-да Саида Плаза ғимаратында басталады. Киім коды – кешкі сәнді көйлек болмақ.

Қосымша ақпараттарды алу үшін +7 (771) 370 40 40 телефон нөміріне хабарласуға болады.