Павлодарда тұрғын үйде бомба салынғаны туралы хабарлаған ер адам ұсталды
Ақпарат расталмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қараша күні таңғы уақытта 102 пультіне қала тұрғындарының бірі қоңырау шалып, облыс орталығындағы үйлердің біріне бомба қойылғанын айтқан.
– Ақпарат расталмады. Тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, құрықтады. Ер адамның мас күйде болғаны белгілі болды, – деді департаментте.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.