Екібастұзда құбыр жарылуының салдары жойылды

Зардап шеккен адам жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұз жылу желілері» ЖШС жылу магистралінде жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізді. «УАҚ» дүкенінің жанындағы ЖМ-11 жылу трассасын тексеру кезінде 500 миллиметрлік құбыр жарылды.
– Жол жабыны көтеріліп, асфальттың бөліктері қасында тұрған көліктерге құлады, – деп түсіндірді ұйымда.
Олардың айтуынша, сегіз көлік зақымданған. Адамдар, кәсіпорындар мен ғимараттар аман қалды. Екібастұз қаласының әкімдігі шығынды есептеп жатыр.
Магистраль су құбырынан ажыратылды, бригадалар жылу трассасын қалпына келтіруге кірісті.
Зардап шеккен көлік жүргізушілері «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-не Қонаев көшесі, 105А мекенжайы бойынша немесе 8 (7187) 280-958 телефоны арқылы хабарласа алады. Шағымдарды өтеу үшін залалды бағалаудың тәуелсіз есебі болуы қажет.