Павлодарлық сот мердігерді құрылыс кемшіліктерін жоюға міндеттеді

Павлодарлық сот мердігерді құрылыс кемшіліктерін жоюға міндеттеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары облыстық мектептердің бірінде жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеменің құрылыс фирмасына қатысты кемшіліктерді жою туралы талап қою бойынша азаматтық істі қарады.

Мердігер күрделі жөндеу жұмыстарын мектеп ғимараты мен жылу қазандығында жүргізді.

– Талап қоюшы пайдалану барысында сапасыз жұмыстың салдарын анықтады. Оқу жылының басталу қарсаңында тараптар кемшіліктерді жою жөнінде өз бетінше келісімге келе алмады. Алайда, сотқа жүгінген тараптар бір аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде туындаған кемшіліктерді жою туралы келісімге келді. Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұйғарыммен бекітті, онда серіктестік оқу жылы басталғанға дейін барлық кемшіліктерді жояды деп көрсетілген, – деді соттың баспасөз орталығында.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.