Павлодарда Валерий Приходьконың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
Экспозицияда ұсынылған кескіндемелік туындылардың алуан түрлілігі шебердің көпжылдық жұмысын толықтай көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы көркемөнер Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Валерий Приходьконың көрмесі ұйымдастырылды.
Валерий Приходько 1949 жылы 21 ақпанда Мурманск қаласында дүниеге келген. Кескіндемеші Красносельск металл өңдеу училищесінде білім алған. 1970 жылдан бастап Павлодарда шығармашылықпен айналысты, онда зергерлік бұйымдар, графика, витраждар, монументалды кескіндеме сияқты түрлі көркемдік бағыттарда шеберлігін шыңдауды жалғастырды.
Шығармашылық туындылары Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, Павлодар облыстық көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер Одағының көрмелер дирекциясында, Мәскеу қаласындағы көркемсурет көрмелері дирекциясында және Қазақстан, Ресей, Литва, Моңғолия, Германия, Польша, Румыния, Вьетнам, АҚШ және Франция сияқты елдеріндегі жеке колекцияларда сақтаулы.
Сондай-ақ, танымал қазақстандық және павлодарлық көркемсурет музейінің экспозициясында суретшінің жеке коллекциясындағы кітаптар мен оның шеберханасындағы офорт білдегі қойылған.
Экспозицияда ұсынылған кескіндемелік туындылардың алуан түрлілігі шебердің көпжылдық жұмысын толықтай көрсетуге мүмкіндік береді. 40 жылдан астам уақыт бойы кескіндемелік мәнеріне адалдығы оны Қазақстанның жетекші суретшілерімен қатар қояды.
Айта кетейік, көрме 29 ақпанға дейін жұмыс істейді.