Павлодарда заңсыз салынған дүкен бұзылды (ВИДЕО)
Сот шешімімен 2020 жылдан бері дауға айналған ғимарат жермен жексен болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мәлім етті.
- 2020 жылдың 5 қарашасында Павлодар қалалық сотының шешімімен Павлодар қаласы әкімдігінің Жамбыл көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан заңды түрде салынбаған объектіні бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.
Павлодар облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша барлық қажетті іс-шараларды өткізді.
Осылайша, Әділет департаменті өз бетінше тұрғызылған нысанды бұзу жұмысын жүргізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram