ҚР Энергетика вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі

ҚР Энергетика вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі
Фото: ҚР Үкіметі

Ол Екібастұзға жұмыс сапарымен аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, 24 мамырда ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов  Павлодар облысының тұрғындарымен жүздеседі. Кездесу сағат 15:00-де Екібастұз қаласында М.Әуезов көшесі, 55/1 мекенжайындағы «Өнер» музыкалық мектебінде өтеді. 

Облыс тұрғындары Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне өзінің жеке сұрақтарын қоя алады.