Павлодарда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді
Мұндай шешім күннің күрт ысуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы қала әкімі Ержан Иманзайыпов Instagram әлеуметтік желіcінде жазды. Ауа райының күрт ысуына байланысты облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша қалада жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді.
Сондай-ақ суару машиналарының саны 27-ден 34-ке дейін артты.
Техниканы сумен толтыру үшін Олжабай батыр, Амангелді – Баратбаев, Солтүстік өнеркәсіп аймағы, Ворушин көшелерінде және әуежай жағында 5 су қабылдау станциясы жұмыс істейді.