Тереңкөл ауданында монша жанды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кезекшінің пультіне Тереңкөл ауылында моншаның өртенуі туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйге жапсарлас салынған кірпіш моншаның ағаш конструкциялары жанғанын анықтады. Өрттің тұрғын үйге ауысу қаупі болды.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде 20 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді.