Қоғам белсенділері Успен ауылының тұрғындарымен кездесті
Кездесу ашық диалог форматында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауданында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараны облыстық халық штабының мүшелері ұйымдастырды. Топ құрамына Болат Аманжолов, Олег Костенко және Гүлнара Исенова кірді. Штаб мүшелері «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ қызметкерлерімен, «AMANAT» партиясының аудандық филиалында Успен ауылының тұрғындарымен кездесті.
Облыстық штаб мүшелері еліміздің энергетика саласындағы істердің ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді. Атом электр станцияларын салу — бұл энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін ұзақ мерзімді жоба екенін атап өтті.
«ПРЭК» АҚ қызметкерлері жобаны іске асырудың техникалық аспектілері мен пайдалану қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойды. Өз кезегінде сарапшылар заманауи атом электр станциялары апаттардың ықтималдығын азайтатын жаңа технологияларды қолдана отырып салынып жатқанын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Успен ауданының тұрғындарымен кездесу ашық диалог форматында өтті, онда әркім АЭС салу және оның қазақстандықтардың өміріне ықтимал әсері туралы қызықтыратын сұрақтар қоя алды.