Павлодарлық жастар өз IT жобаларын жүзеге асыра алады

Павлодарлық жастар өз IT жобаларын жүзеге асыра алады
Фото: pixabay.com

Оларға тәжірибелі IT мамандары мен инвесторлар командасы көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Pavlodar hub» Қазақстанның «Youth challenge» жастар одағымен бірлесіп «PVL Idea Battle» байқауын өткізуде. Қатысушылар жақын арада жүзеге асырылуы мүмкін IT жобаларын ұсынған. Байқауға қатысушыларға ешқандай шектеу қойылмайды.

– Сайыс студенттерге арналған. Жоба жүзеге асырылуы тиіс. Идеяларды жаңашылдығына қарай бағалайтын боламыз, – деді Astana Hub аймақтық менеджері Нұрсипат Түлубай.

Сонымен қатар, жеңімпаздар байқауға қатысқаны үшін ақшалай сыйлықтарға ие болады. Жалпы жүлде қоры – 150 мың теңге. Жеңімпазға – 90 мың, екінші орынға – 40 мың, үшінші орынға 20 мың теңге беріледі.

Astana Hub командасы жеңімпаздармен ынтымақтастық орнатып, әрі қарай бірге жұмыс істейді.

– Оларға алдағы уақытта қолдау көрсетеміз. Astana Hub стартапты жастарға жобаларын жүзеге асыру үшін басынан бастап соңына дейін көмектеседі, – деді Нұрсипат Түлубай. – Егер жобалар шынымен жақсы болса, болашақта оларды инвесторлармен байланыстырамыз.

Байқаудың қорытындысы 12 қыркүйекте жарияланады.