Ақсуда 4 жастағы қызды субұрқақта ток соқты
Бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шақырту бүгін сағат 15:45-те келіп түскен.
- Жедел жәрдем Ақсудағы Астана көшесінде орналасқан субұрқаққа 3 минутта жетті, - делінген хабарламада.
2019 жылы дүниеге келген қыз электр жарақаттарын алған. Дәрігерлер баланың миы шайқалуы мүмкін дейді.
Ток соққан қыз қалалық ауруханаға жеткізілді.