Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні Н. Назарбаев даңғылы-Толстой көшесі қиылысында «Hyundai Accent» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Еске сала кетейік, «Mazda» көлігінің жүргізушісі Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен. Салдарынан жеткіншектер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.