Павлодарда кассадан ақша ұрланды

Павлодарда кассадан ақша ұрланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан ақша ұрлады деген күдікті адам ұсталды.

Ер адам дүкенге заңсыз кіріп, орталық кассадан 781 мың теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Оның облыс аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адам полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлады департаментте. 

Өңір полицейлері қала тұрғындарына қырағы болуға, объектілерді күзетуге, тауарлар мен материалдық құндылықтарды ұрлауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды бейнебақылау камераларымен және басқа да қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыруға шақырады.