Павлодар облысында ұрлық азаймай тұр
Жыл басынан бері 300-ден астам ұрлық фактісі тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұрылардың көбі пәтерге түседі.
- Ағымдағы жылы Павлодар облысында 301 ұрлық фактісі тіркелді. Көп жағдайда бұл терезені қысып ашу, кілттерді таңдау, бұзу немесе еркін қол жеткізу арқылы жасалатын пәтер ұрлығы. Жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін барлығы 187 адам ұсталса, оның 22-сі пәтер ұрлығы үшін қолға түскендер, - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Мысалы, 2021 жылы Екібастұз қаласында қала тұрғынынан ақшалай қаражат пен алтын бұйымдары ұрланған. Шығын 1 млн. теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол кеншілер қаласының 35 жастағы тумасы болып шықты.
Белгілі болғандай, таңға жуық қала тұрғыны пәтер иелерінің жоқтығына көз жеткізіп, басты кілттерді пайдаланып пәтерге кірген. Бөлмелердің біріндегі сандықтан ақшаны жымқырған. Онда 500 000 теңге, 70 000 ресей рублі, сондай-ақ әйелдердің алтын сақинасын ұрлаған. Үйге оралған пәтер иесі өз кілімен есікті ашпақ болады. Алайда, кілт айналмайды. Осы кезде пәтерден бір ер адам жүгіріп шығып, баспалдақпен төмен қарай жүгірген. Есіктің соққысынан пәтер иесі шетке құлап, кейін тез орнынан тұрып, оның артынан жүгіргенімен ұрыны ұстай алмаған. Бірақ пәтер иесі оны көріп қалады. Ер адам дереу полицияға қоңырау шалып, мән-жайды баяндайды.
Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберілді. Осы қылмысты жасағаны үшін ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.