Павлодарда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары іс-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан.
– Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департамент.
Департамент оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын айтты.
Айта кетейік, 21 ақпан күні түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам үйіне оралмаған.