Павлодарда жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қысылып қалды

Зардап шегуші бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қазан күні «КамАЗ HOWO» жүк көлігінің жүргізушісі Жібек жолы көшесімен келе жатып, «Ford Fiesta» көлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен жеңіл көлік алдында тұрған тағы бір «КамАЗға» соғылған.
Жол апаты салдарынан «Ford Fiesta» жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Облыстық жедел жәрдем станциясы оның 28 жаста екенін және бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқанын, кейін өз еркімен емханаға барғанын хабарлады.