Павлодарда сотталғандарға насыбай кіргізбек болған
Алайда тыйым салынған затты алып өтуге жол берілмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарауылдың тінту тобы 6679 әскери бөлімінің атқыштар ротасы күзететін №46 ҚАЖ мекемесіне келген «Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында жүргізуші отыратын орыннан сусынға арналған бөтелкеге толы насыбай табылған.
Тыйым салынған зат тәркіленіп, құқық бұзушыға қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалып, ескерту жасалды.