Павлодарда балықшы жазаланды

Павлодарда балықшы жазаланды
Фото: pixabay.com

Ол су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мұз» үгіт-насихаттық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

–    Акцияға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен ҚР Ұлттық ұланының өкілдері, барлығы 173 адам қатысты, – деді департаментте.

Іс-шара барысында балықшы және аңшылық-балық аулау дүкендеріне келушілерді қамтыған 152 азаматқа нұсқама берілді.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін бір балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Акция барысында мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, мұз қату кезіндегі қауіптер туралы ескертілді.