Екібастұзда есірткі таратушы деген күдікпен жас жігіт құрықталды

Екібастұзда  есірткі таратушы деген күдікпен жас жігіт құрықталды
Фото: Константин Шелков

Ол интернет-дүкен арқылы сауда жасаған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іс-шараларды өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Екібастұз қаласында есірткі сатқан 24 жастағы жас жігітті ұстады.

Күдіктінің пәтерін тексеру барысында жедел уәкілдер тағы бір орамды, сондай-ақ таразы мен есірткіні орау материалын тауып алып шықты. 

– Қылмыскердің пәтерінен 2,3 келі гашиш пен 221 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталған адам есірткі сататын интернет-дүкенде буып-түюші және таратушы болып жұмыс істейтінін түсіндірді, – деді баспасөз қызметінде. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес - өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер әзірге уақытша темір торда қамауда.