Баянауылда жеке үйдің қазандығынан өрт шықты
Тілсіз жау түнде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауылында жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған қазандықтан өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабарлама 4 қазан күні сағат 23:23-те 101 пультіне түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шатырдың ағаш конструкцияларының жануын және шамамен 0,2 тонна көмірдің бықсуын сөндіріп, жалынның үйге таралуына жол бермеді. Өрт аумағы 40 шаршы метрге жуық болды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жылыту құралдарын қараусыз қалдырмауды, мұржаларды күйеден уақытылы тазалауды және пештердің шамадан тыс қызып кетуіне жол бермеуді ескертеді.