Қызылорда-Павлодар тас жолында көлік отқа оранды

Қызылорда-Павлодар тас жолында көлік отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кабинада жүргізушінің құжаты өртеніп кетті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтар күні сағат 11-38-де 101 пультіне машинаның жануы туралы хабарлама түскен. 

– Өрт сөндірушілер келгенде Қызылорда-Павлодар тас жолында МАЗ автокөлігі кабинасының жеті шаршы метр аумағы толық өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші өрт сөндіргішті пайдаланған, – дейді департаментте. 

Меншік иесі – «Екібастұзжылуэнергомонтаж» ЖШС. 

Өрт сағат 12-10-да оқшауланып, сағат 12-12-де жойылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника және облыстық ТЖД-ден үш қызметкер шықты.