«Павлодар – Астана» автожолында үш автокөлік соқтығысты

«Павлодар – Астана» автожолында үш автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 маусым күні сағат 17:00 шамасында «Павлодар – Астана» автожолының 118-шақырымында орын алды.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.