KSP Steel жәрмеңкеде оннан астам павлодарлықты жұмысқа орналастырды
Жалпы, жәрмеңкеде 200-ден астам вакансия ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мансап орталығының базасында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс іздеушілер компания өкілдерімен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Цех шеберлері үміткерлермен сұхбат өткізіп, қолжетімді жұмыс орындары, еңбек жағдайы, кандидаттарға қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Жәрмеңкеге 60-тан астам жұмыс іздеуші, оның ішінде жастар қатысты. Қатысушылар жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіпорынның қызметі туралы қосымша ақпарат алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жұмыс іздеушілерге жұмыс берушімен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жұмысқа орналасуға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 12 адам жұмысқа орналасты.