Павлодарлық оқушылар экологиялық жобалар байқауында марапатқа ие болды

Облыстың намысын жеті оқушы қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 28-30 сәуір аралығында 5-8 - сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын өткізді.
Облыстық және қалалық кезеңдерінің 97 жеңімпазының жұмысы жіберілген болатын. Республикалық байқауға Павлодар облысының атынан 7 оқушы қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.
Конкурс «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады» бағыттар бойынша өтті. Павлодарлық дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 4-сынып оқушысы Акимхан Мэлс және 7-сынып оқушысы Эвелина Бурцева ІІ дәрежелі дипломдарға, Қ. Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Мансур Нуриденов ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Ал Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Асыл Әсетқызы «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.