Павлодарлық кәсіпкерлер бизнесті дамытуға грант ұта алады
Әлеуметтік байқаудың қатысушыларына бес миллион теңгеге дейінгі қаражат бұйыру мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқауды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастыруда.
– Мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде ұсынылады. Байқау жеңімпаздары өтеусіз негізде бес миллион теңгеге дейін ұта алады, – деді ведомствода.
Ашық байқауға қатысу үшін үміткерлер 15-17 қазан аралығында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы KEZEKTE.KZ бойынша бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынуы тиіс.
Толық ақпаратты өңірлік үйлестірушінің ресми сайтынан алуға болады.
Байланыс телефоны: +7(7182)32-33-82.