Павлодарлықтар қала тазалығына үлес қосуда

Павлодарлықтар қала тазалығына үлес қосуда

Осылайша тұрғындар өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сондай белсенді павлодарлықтар Ткачев, 14 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйде тұрады. Олар бүгін таңғы асын іше сала аулаға шығып, өз қолымен айналаны қоқыстан тазалап, клумба қазып, қураған ағаш бұталарын қиып тастады.

- Осы арқылы ауламызды да тазаладық және балаларымызға өз қаласына, ауласына жауапты қараудың үлгісін көрсетуге тырыстық. Біз Павлодардың таза болғанын қалаймыз және соған үлес қостық. Балаларымыз да өскенде өз еліне осындай жауапкершікпен қарасын дейміз, - дейді үйдің тұрғыны Азат Сейілханов.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Асайын Байханов жақында тазалық айлығында белсенділік танытқан өңір тұрғындарын марапаттауды тапсырған еді.

Фото: үй тұрғындары