Павлодарда құтқарушылар өзен жағалауын қоқыстан тазартты
Шара Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы жедел құтқару бөлімінің мәліметінше, жедел құтқару жасағының қызметкерлері «Менің Республикам – менің үйім» экологиялық акциясына қатысып, сенбілік өткізді.
Құтқарушылар қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орындарының бірі – Усолка өзенінің жағалауын таңдады. Бір жарым шақырымға жуық жерден он бір қап пластикалық бөтелкелер мен полиэтилен өнімдері жиналды.
Құтқарушылар өздерінің орналасқан жерлеріне іргелес аумақты да ұмытпады. Акцияның соңында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.