Павлодарда алаяқтар зейнеткерді сан соқтырды

Павлодарда алаяқтар зейнеткерді сан соқтырды
Фото: Константин Шелков

Олар төрт миллион теңгеден астам сомаға алдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткерге белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырды. Қаскүнемдер зейнеткерге біреу оның атынан банктен несие алғуға тырысқанын, алаяқтың алдын алу үшін банкке өтінім беру керектігін айтқан. Нәтижесінде ер адам өзіне екі банктен жалпы сомасы 4 201 198 теңге қарыз ресімдеп, алаяқтар көрсеткен шотқа аударды.

– Алаяқтық факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, – деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары бейтаныс және белгісіз адамдарға сенбеуді, сондай-ақ банктер мен ұйымдардың ресми өкілдеріне ғана сенуді сұрайды.