Облыстың бас дәрігері Екібастұз тұрғындарын қабылдады

Облыстың бас дәрігері Екібастұз тұрғындарын қабылдады

Қаланың үш емханасында қабылдау жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қабылдауға 20 өтініш беруші жазылған. Көптеген сұрақтар өз шешімін тауып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ануар Бұйрашев кейбір мәселелерді жеке бақылауына алды. 

Бұған дейін осындай қабылдау Ақсу қаласында өткізілген болатын.

– Екі моноқалада көтерілген мәселелердің басым бөлігі сол жерде шешілетін болады. Пациенттердің назарын медициналық ұйымдарда жергілікті жерлерде өтініш берушілердің мәселелерін жедел шешуге тиіс пациенттерді қолдау қызметтері жұмыс істейтініне аударамын, – деді басқарма басшысы. 

Айта кетерлігі, егер мәселе медициналық ұйым деңгейінде шешілмеген болса, онда тұрғындар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейтін денсаулық сақтау басқармасының фронт-офисіне жүгіне алады. (түскі үзіліс – сағат 13.00-14.30.) Мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, 1 қабат, фронт-офис.