Павлодарлық полицейлер Халық қаһармандарын еске алды

Павлодарлық полицейлер Халық қаһармандарын еске алды

Тәуелсіздік күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ырысгүл Бектемірқызы Шақаманмен кездесті. 

- Бүгінгі іс-шара Алматыда болған және Желтоқсан атымен белгілі болған қайғылы оқиғаларға арналады. Шерулер кезінде көптеген адамдар қаза тауып, жараланды. Біздің кездесуіміз тарихи жадты сақтауға және сол оқиғалар туралы білімді жастарға жеткізуге, олар сөз бостандығы, адам құқықтарын құрметтеу және азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін түсінуге бағытталған. Бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында ғана біз тұрақты және берекелі қоғам құра алатынымызды есте ұстауымыз керек, - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Болатұлы.  

Ырысгүл Бектемірқызы Желтоқсан оқиғасының шығу тегі, себеп-салдары туралы айтты. Қонақ өз сөзінде Қазақстан тарихында бетбұрыс болған бұл тарихи күндерді талдаудың маңыздылығын атап өтті. Осы оқиғалардың ел болашағына, қоғамдық өзгерістерге, қазақ халқының дербес болмысының қалыптасуына қалай әсер еткеніне тоқталған.

 Жиын соңында жиналғандар осы қайғылы оқиғаларда қаза тапқандарды еске алып, еліміздің, Қазақстанның болашағы үшін жанын қиған жандарға құрмет пен алғыстарын білдірді.