Ақсудың жаңа футбол клубы тарихи қадам жасады

Ақсудың жаңа футбол клубы тарихи қадам жасады
Фото: автор

Команда өзінің кәсіби мансабын Қазақстан Кубогының 1/16 финалынан бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл Павлодардың «Аңсат» футбол клубына қатысты. Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімінен кейін команда Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі, бұл өте азулы қарсылас.

- Біз шынымен де үздік үштіктің ішінен клуб болса ғой, деп тіледік. Бізге өткен жылғы Кубоктың жеңімпазы, мүмкін ертеңгі Суперкубоктың жеңімпазы түсті. Әрине, жеребе нәтижесіне қуаныштымыз. Бұл Ақсу қаласы үшін керемет сыйлық болады, - дейді футбол клубының негізін қалаушы және директоры Алексей Михайлюк.

«Аңсат» Қостанай командасын Ақсуда қабылдайды. 1/16 финалдық ойындары 8 немесе 9 сәуірге жоспарланған.

Клуб тоғыз жыл бұрын құрылған. Алексей Михайлюктің өзі бұрын «Ертіс» командасында ойнаған және танымал бапкер Анатолий Казаковтың түлегі. Клуб оның жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жеті жыл бұрын клубтың жаттықтырушылары Киевтегі футбол теоретигі Александр Володинмен кездесті, және бұл бәрін түбегейлі өзгертті: «Аңсат» ғалымның әдістеріне баса назар аударды.

Клуб биыл Қазақстан Екінші лигасында бақ сынасуға ниетті.

Айта кету керек, жеребе «Ертіс» пен «Екібастұздың» қарсыластарын анықтады. Павлодарлықтар «SD Family»-мен, ал «Екібастұз» «Каспиймен» кездеседі.