Павлодарлық футболшылар камбэк жасады
Бірінші таймда «Астана» ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласында футболдан республикалық екінші лига аясында павлодарлық «Ертіс» клубы мен «Астана ж» командасы кездесті. Бірінші таймның бесінші минутында астаналық ойыншы айласын асырып, «Ертістің» қақпасына алғашқы голды салып, есеп ашты. Көп ұзамай 29-шы минутта жергілікті қақпашы екінші голды жіберіп алды.
Екінші таймда павлодарлық футболшы Мейрамбек Еренғайып командасына өзінің ойындағы алғшқы голы арқылы үміт сыйлады. Жеңіске көз тіккен ойыншылар қарқын қосып, Арман Смайыловқа пас беру арқылы екінші голды салды. Есепті тек теңестіре ғана қоймай, ойын соңында Александр Бовкун баспен үшінші голды қарсыластың қақпасына асырды. Ойын 3:2 есебімен ертістіктердің пайдасымен аяқталды.
Еске сала кетейік, соңғы рет орталық стадионда өткен матчта ертістіктер «Оқжетпесті» ұтып, ойынды 2:0 есебімен аяқтаған болатын.