Павлодарлық сотта анасын өлтірген тұрғынның үкімі қайта қаралды
Сотталушының үкімі бірнеше айға жеңілдетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Былтыр шілде айында Лермонтов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде 45 жастағы ер адам өзінің анасы мен азаматтық некеде тұрған әйелімен бірге ішімдік ішкен. Масаң күйінің салдарына жанжал кезінде ер адам анасын басынан жұдырықтап ұрған және денесіне қасақана көптеген соққылар жасап, денасаулыққа ауыр зиян келтірді. Кейіннен ұлы әйелімен бірге анасын керуетке жатқызған. Көптеген дене жарақаттарының салдарынан анасы қайтыс болды.
Ер адам Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған түпкілікті 9 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
27 ақпанда аталған іс апелляциялық сатыда қаралды. Апелляциялық шағымда қорғаушы тарап сотталушыға қатысты үкімді жеңілдетіп, оған неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты, үкімнен «аса қатыгездікпен» деген саралау белгісі алынып тасталды. Кінәні мойындауды және басқа да жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза мерзімі 6 айға қысқартылды, яғни 9 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айыру.
Үкім қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.