Павлодар ауданында жарылған құбыр қалпына келтірілді
Құбыр он бес жылдан астам бұрын салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шарбақты ауданы әкімдігінің мәліметінше, 5 ақпан сағат 21:30 шамасында Хмельницкое ауылының жолдарының бірінде құбыр жарылып кеткен. Аталмыш апат салдарынын мыңнан астам адам сусыз қалған.
– Апат құбырдағы фланецті қосылымның зақымдануынан орын алды. Құбыр 2008 жылы тартылған болатын. Бұған дейін осындай бір жағдай тіркелген, – дейді әкімдікте.
Сағат 01:00 шамасында «Қайнат» КМК күшімен апат жойылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауыл тұрғындары су сақтайтын мұнараның тесіліп қалғанына шағымданған болатын. Мұнараны тексеру кезінде автоматиканың дұрыс жұмыс істемейтіні анықталған.