Павлодар облысында колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды

Павлодар облысында колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды
Фото: polisia.kz

Ол телефонды бас бостандығынан айырылған күйеуіне бергісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Polisia.kz ақпараттық медиа порталының мәліметінше, №45 (орташа қауіпсіздік) мекеменің тексеру тобы  колонияда мерзімін өтеп отырған ер адамға келген әйелі ұялы телефон өткізбекші болған. Тексеру барысында сөмкесінің қалтасынан телефон, батарейка және қуаттағыш табылды. 

– Тұрғындар бірнеше мәртелік ескертулерге қарамастан колонияға тыйым салынған заттарды алып кіруді тоқтатпайды, – дейді  №45 мекеме тексеру тобының басшысы Қуаныш Қойшыбаев.

Айта кету керек, әйел азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар бойынша шешімді сот қабылдайды.