Павлодарлық суретшінің акварель жұмыстары Қарағандыда көрсетілді
Суретші оларға шеберлік сабақ өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында павлодарлық суретші Светлана Кравченконың жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 62 акварель, натюрморт, портрет жанрында салынған жұмыстар қойылды. Олар суретшінің сүйікті елі – Үндістанға арналып салынды. Аталмыш көрмені Қарағанды медициналық университетінің студентері тамашалады. Олар акварель техникасында осындай жұмыстарды алғаш рет көріп тұрғанын жеткізді. Ал Қарағанды Суретшілер одағының өкілдері Айбек Бегалин, Мадихан Қалмаханов, Виктор Арент павлодарлық суретшінің жоғары шеберлігін, таланты бар екендігін атап өтті.
Қарағандылық музейдің жетекшісі Бибігүл Құдабаева Светлана Кравченкоға алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге ұсынды.
Сондай-ақ, павлодарлық суретші басқа суретшілерге акварель техникасы бойынша білгенін айтып, қыр-сырымен бөлісті.