Павлодарда мереке күні жүзге жуық құқық бұзушылық анықталды

Павлодарда мереке күні жүзге жуық құқық бұзушылық анықталды
Фото: Константин Шелков

Оның көбі жол ережесін бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзудың 40 және жол қауіпсіздігін бұзудың 55 жолын кесті. Тыныштықты бұзғаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тоғыз азаматқа қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін айыппұл салынды. Жол жүру ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл тұрағына алты көлік қойылды. 

Мәселен, «Toyota» маркалы автокөлікті тізгіндеген 24 жастағы павлодарлық тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, медициналық куәландыру жүргізген. 

– Жүргізуші мас күйінде көлікті жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – дейді департаментте. 

Сондай-ақ, ережені бұзғаны үшін 17 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында жазаланды.