Павлодарлық жас зерттеушілер «Зерде» конкурсында үздік атанды

Павлодарлық жас зерттеушілер «Зерде» конкурсында үздік атанды
Фото: «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан

Байқаудың қорытынды кезеңінде республиканың түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам жас зерттеуші бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық  жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі  өтті.

Конкурс балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. 

Қорытынды кезеңге жеңімпаз және жүлдегер атағы үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам жас зерттеуші бақ сынасты. 

Павлодар облысынан 20 оқушы 15 жобамен  қатысты. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар 14 жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда , бірінші орынға  үш, екінші орынға төрт оқушы, үшінші орынға жеті оқушы ие болдлы. Құрмет грамоталарымен  екі оқушы марапаталды, –  деді «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында. 

Айта кетейік, байқау алты бағыт бойынша ұйымдастырылды: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пен өлкетану, технология және өнер, шетел тілі және этномәдениеттану. Әр секцияда оқушылар өз шығармашылық және зерттеу қабілеттерін паш етіп, білім мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік алды.