SOS дабыл батырмасы: Павлодарлықтар көбінесе не үшін полиция шақырады?
Бұл құрылғы заңсыз әрекеттер туындаған жағдайда дабыл сигналын беруге және шұғыл полиция шақыруға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың қараша айынан бастап Павлодар қаласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған SOS батырмасы жобасы енгізілді.
– Облыс орталығында 20 SOS дабыл батырмасы орнатылды. Азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен жедел байланысуға, құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе көмек сұрауға мүмкіндігі бар, – деді департаментте.
Орнатылған бейнекамераның көмегімен бейнетүсірілім қамтамасыз етіледі, ал динамиктер арқылы полиция азаматпен аудио байланыста болады. Барлық деректер жүйемен автоматты түрде тіркеледі. Мұндай жаңашылдық азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
2024 жылы осы құрылғы арқылы полицияға әртүрлі сипаттағы 30 өтініш түскен. Оның басым бөлігі жол ережесін бұзу, мүлікті ұрлау мәселелеріне қатысты.